Accessibility links

Атамбаев прокуратураға Азаттық радиосына қарсы шағымын қайтарып алуды ұсынды


Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті
Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті

Қырғызстан президеті Алмазбек Атамбаев бас прокуратураға "Азаттык медиа" мекемесі - Азаттықтың Қырғыз редакциясына түсірген талап-шағымын қайтарып алу мәселесін қарастыруды ұсынды. Бұл туралы Қырғызстан президенті аппаратының ақпараттық саясат бөлімі хабарлады.

Президент аппаратының мәліметінше, бас прокуратура "Қырғызстан Республикасы президенті қызметіне кепілдіктері туралы" заңның аясында "жекелеген БАҚ-тың президенттің ар-намысы мен абыройын қаралайтын және дәйексіз" ақпарат тарату фактісіне байланысты талап-шағым түсірген. Ол шағым бойынша жауапкерлер қатарында "Азаттык медиа" да бар.

30 наурызда Алмазбек Атамбаев Азат Еуропа/Азаттық Радиосы (АЕ/АР) медиакорпорациясының президенті Томас Кентпен кездескен. Кездесу кезінде елдегі оқиғалардан хабар таратуда шындық пен теңгерімділікті сақтау, журналистиканың алаламаушылығы мәселелері талқыланған. Кездесуде Қырғызстан азаматтары үшін маңызды әрі құрметті сөз бостандығы принциптерінің құнын түсіруге болмайтыны туралы айтылған.

Президент аппаратының хабарлауынша, кездесуден бергі уақытта Азаттықтың Қырғыз редакциясының қызметінде эфирге шығатын материалдарда "теңгерімділік пен әбден таразылау принципін сақтау бағытындағы оң тенденциялар байқалған".

Жоғарғы соттың конституциялық палатасы 3 мамырда 120 адамнан бас прокуратураның "Азаттык медиа" мен "Заноза" басылымына қарсы шағымының заңдылығы туралы сауалын өндіріске қабылдаған.

Алмазбек Атамбаев 24 наурызда сөйлеген сөзінде Азаттықтың Қырғыз қызметін халықаралық сотқа беріп, биыл қыркүйекте АҚШ-қа барған кезде президент Дональд Трампқа арызданатыны туралы мәлімдеген еді. Оның сөзінше, АЕР/АР Қырғыз қызметі мен Zanoza.kg вебсайты Қырғызстанның оппозициялық "Ата-Мекен" партиясы жетекшісі Омурбек Текебаев тұтқындалған соң жариялаған репортаждарында өзіне "жала жапқан".

Қырғыз президенті Азаттық радиосын "халықаралық сотқа беруге дайын" екенін айтты
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:50 0:00

XS
SM
MD
LG