Accessibility links

Римнің орталығында жарылыс болды


Римдегі алаңдардың бірі (Көрнекі сурет).
Римдегі алаңдардың бірі (Көрнекі сурет).

Бүгін Римнің орталығында жарылыс болды деп хабарлады италиялық ақпарат құралдары. Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыстан ешкім зардап шеккен жоқ.

ANSA агенттігінің хабарлауынша, жарылыс пошта бөлімшесіне кіреберісте болған. Екі жарылғыш құрылғы іске қосылып, бір көлік зақымданған. Жарылысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Италия билігі таяуда мамырдың соңында елде "Үлкен жетілік" елдерінің саммиті өтетініне байланысты қауіпсіздік шараларын күшейту жоспарын қабылдаған. Италия саммит өтетін кезеңде Шенген келісімі аймағындағы елдермен 20 күнге шекарада бақылауды қайта орнатқан.

XS
SM
MD
LG