Accessibility links

Ердоған: АҚШ-қа сапарым екі ел байланысындағы "жаңа кезеңге" айналады


Режеп Ердоған, Түркия президенті.
Режеп Ердоған, Түркия президенті.

Түркия президенті Режеп Ердоған АҚШ-қа алдағы сапары НАТО арқылы одақтас екі елдің қарым-қатынасындағы "жаңа кезең" болатынына сенім білдірді. Түркия АҚШ-тың Сириядағы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымымен соғысып жатқан күрд жасақтарын ("Халықтық өзін-өзі қорғау отрядтары" немесе YPG) қаруландыру жоспарына наразы. Анкара YPG-ді террористік ұйым деп біледі.

Ердоған Вашингтонға 16-17 мамырға жоспарлаған сапарында АҚШ президенті Дональд Трамппен өткізетін келіссөзі АҚШ-тың шешім қабылдауы үшін "сындарлы сәт" болады деген үмітін білдірді. Ол АҚШ қазір "өтпелі кезеңде" тұр деген пікір білдіріп, YPG-ді қаруландыру сияқты шешім "бұрынғы президенттің әкімшілігінен қалған" деген ой айтты.

Ердоған сонымен бірге АҚШ-та тұратын дін қайраткері Фетхулла Гүленді экстрадициялау мәселесін қозғайтынын да жеткізді. Анкара Гүленді өткен жылы шілдеде іске аспай қалған мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін ұйымдастырды деп айыптайды. Гүлен бүлікке қатысы барын жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG