Accessibility links

Әзербайжан соты Азаттық сайтын бұғаттауға үкім етті


Azadliq.org сайтының скриншоты.
Azadliq.org сайтының скриншоты.

Мамырдың 12-сі күні Баку соты Азаттық радиосы Әзербайжан қызметінің сайтын (Azadliq.org) Әзербайжан аумағында бұғаттауға үкім шығарды.

Әзербайжан үкіметі биыл наурызда Азаттық сайтын блоктау туралы қаулы қабылдаған. Прокуратура Азаттықты және тағы бірнеше ресурсты "ұлттық қаупісіздікке қатер төндіреді" деп таныған. Мұнымен келіспеген Азаттық сотқа шағымданған. Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Томас Кент Әзербайжан билігінің әрекетін "ашық цензура орнату және тәуелсіз БАҚ-ты қорқыту, адам құқығын және халықаралық конценцияларды бұзу" деп бағалаған.

Бүгінгі сот шешімі бойынша арасында Аzadliq.org та бар бес сайт Әзербайжан аумағында бұғатталды.

Azadliq.org Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің отбасы мен жақындарының қатысы бар заңсыз қаржы операциялары туралы жазған соң қысымға ұшырай бастаған. Осы тақырыпта мақалалар жазған журналист Хадиджа Исмаил түрмеге түскен.

Халықаралық "Шекарасыз тілшілер" ұйымының есебінше, Әзербайжан баспасөз еркіндігі бойынша әлемдегі 180 елдің арасында 162-орында ("еркін емес ел") тұр.

XS
SM
MD
LG