Accessibility links

Финляндия экс-президенті Мауно Койвисто дүние салды


Финляндияның астанасы Хельсинки қаласы. (Көрнекі сурет.)
Финляндияның астанасы Хельсинки қаласы. (Көрнекі сурет.)

Финляндияның бұрынғы президенті Мауно Койвисто жұма күні 93 жасында ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы елдің қазіргі президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Финляндияның тоғызыншы президенті болған Мауно Койвисто 1982-1994 жылдар аралығында президент қызметін атқарған. Оған дейін Койвисто Финляндия премьер-министрі, қаржы министрі және орталық банк басшысы қызметтерінде істеген.

Өмірінің соңғы кезеңінде Альцгеймер ауруына шалдыққан Койвисто қоғамдық іс-шараларға қатыспаған.

XS
SM
MD
LG