Accessibility links

Түркияда автобус апатынан адамдар мерт болған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Түркияның оңтүстік-батысындағы Мармарис қаласында туристер мінген автобус жол-көлік апатына ұшырап, кемінде 20 адам қаза болған. 13 адам жарақат алған. ВВС-дің хабарлауынша, автобус жүргізушісі таудағы жолдың бұрылыс тұсында тізгіннен айырылып қалған соң көлік аударылған деген болжам бар.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, туристер мінген автобус Измир қаласынан Мармариске бара жатқанда апатқа ұшыраған.

Түрік баспасөз құралдарының Мугла провинциясы губернаторы Әмір Чичекке сілтеме жасап хабарлауынша, автобуста тек Түркия азаматтары ғана болған.

XS
SM
MD
LG