Accessibility links

Қашаған мұнай жобасы операторына хакерлік шабуыл жасалған


Қашаған мұнай жобасының Каспий теңізіндегі D жасанды аралы. 21 тамыз 2013 жыл.
Қашаған мұнай жобасының Каспий теңізіндегі D жасанды аралы. 21 тамыз 2013 жыл.

Мамырдың 12-і күні жергілікті уақытпен сағат 18.00 шамасында Қашаған мұнай жобасының операторы NCOC компаниясы серверлеріне кибершабуыл жасалды деп хабарлайды атыраулық «Ақ Жайық» басылымы.

Газетке NCOC компаниясындағы дереккөздер экранға операциялық жүйеде қателік бары туралы хабарлама шығып, компьютерлердің мелшиіп қалғанын хабарлаған.

NCOC баспасөз қызметі бұл ақпаратты растаған.

- Алдын алу шарасы ретінде бүкіл поштаны, тораптар мен корпоративтік компьютерлерді ажыратып тастауға тура келді. Қашаған мен Қарабатандағы «Болашақ» зауытының жұмысына бұл әсер еткен жоқ, барлығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр, - деп хабарлаған NCOC баспасөз қызметінің өкілі.

Жұма күні Еуропа пен Азияның көптеген елінде ірі компаниялар мен мемлекеттік мекемелер кибершабуылға ұшыраған. ВВС ғаламдық деңгейде жасалған кибершабуылда ақша бопсалайтын бағдарлама-вирус қолданылғаны туралы хабарлады. WannaCrypt [WCry я WannaCryptor деп те аталады] бағдарлама-вирусы компьютердегі мәліметтерді бұғаттап тастаған соң, оны қайта ашу үшін биткоинмен ақша төлеуді талап етеді.

XS
SM
MD
LG