Accessibility links

Алматыда жолаушылар автобусы апатынан адамдар зардап шеккен


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бүгін Алматыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған көлік апаты салдарынан бірнеше адам зардап шекті деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары.

99-маршруттағы автобус Достық даңғылы бойымен солтүстік бағытқа қарай келе жатқан кезде жол жиегіндегі көше жарығы бағанасына соғылған. Кәугерлердің айтуынша, автобуста оншақты адам, арасында бала да болған.

Алматы қалалық ішкі істер департаменті баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбектің хабарлауынша, алты адамға дәрігерлік көмек көрсетілген.

Төтенше оқиғаның себептері тексеріліп жатыр.

XS
SM
MD
LG