Accessibility links

Португалия әншісі Сальвадор Собрал Eurovision-2017 жеңімпазы атанды


Сальвадор Собрал Eurovision-2017 байқауында ән салып тұр. Киев, 14 мамыр 2017 жыл.

Украина астанасында өткен Eurovision-2017 халықаралық телевизиялық ән байқауы финалына Португалиядан қатысқан 27 жастағы әнші Сальвадор Собрал "Amar Pelos Dois" әнін шырқап, бас жүлдені жеңіп алды. Өнерімен көрерменді тәнті еткен әншіге бұл сынға қатысу оңайға түспеген, жүрегі ауыр дертке шалдыққан оған байқау аяқталған соң операция жасалмақ.

Киевтегі Eurovision-2017 халықаралық телевизиялық ән байқауы финалына әлемнің 26 елінен әншілер қатысты. Сенбі күні сахнада ән салғандар арасында мамырдың 9-ы мен 11-і күндері жартылай финалда озғандар, биылғы байқау өтіп жатқан Украина өкілі, сонымен бірге осы конкурстың негізін қалаған бес ел – Германия, Испания, Италия, Ұлыбритания мен Францияның әншілері болды.

Ресей биыл Eurovision байқауына қатысқан жоқ. Ресей аннексиялаған Қырым түбегінде 2015 жылы өнер көрсетіп, украин заңнамасын бұзғаны үшін Киев Eurovision-2017 халықаралық телевизиялық ән байқауы финалына Ресей атынан қатыспақшы болған Юлия Самойлованың ел аумағына кіруіне тыйым салған.

Ән конкурсын ұйымдастырушылардың Юлия Самойлованы байқауға қашықтан қатыстыру немесе орнына басқа адамды жіберу туралы ұсынысын Мәскеу қабыл алмады. Ресейдің "Первый канал" мемлекеттік телеарнасы Eurovision байқауынан трансляция жүргізуден бас тартқан.

AzattyqTV

"АрселорМиттал Теміртау"

Шахтадағы шерулер тарихы

XS
SM
MD
LG