Accessibility links

Europol: 150 ел кибершабуылға ұшыраған


Europol директоры Роб Уэйнрайт.
Europol директоры Роб Уэйнрайт.

Еуропалық полиция агенттігі (Europol) директоры Роб Уэйнрайттың мәлімдеуінше, өткен жұма күні жасалған жаппай кибершабуыл кесірінен 150 елде 200 мыңға жуық жеке және заңды тұлға зардап шеккен деп хабарлайды Reuters. Europol мәліметі бойынша, кибершабуылдан әсіресе Ұлыбритания мен Ресей қатты зардап шеккен.

Кибершабуыл нәтижесінде WannaCrypt [WCry я WannaCryptor деп те аталады] бағдарлама-вирусы компьютердегі мәліметтерді түгел бұғаттап тастап, оны қайта ашу үшін биткоинмен ақша төлеуді талап етеді.

Уэйнрайт алдағы дүйсенбіде жұмыс аптасы басталғанда адамдар компьютерлерді қосқан кезде кибершабуыл қайталануы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Europol қаскөйлерді іздеп табу үшін кибер-шабуылдан зардап шеккен елдердің құқық органдарымен бірлесіп әрекет етпекші.

XS
SM
MD
LG