Accessibility links

Қытай жаңа Жібек жолын дамытуға бірнеше миллиард доллар бөлмек


Пекинде басталған "Бір белбеу - бір жол" стратегиясы аясындағы халықаралық ынтымақтастық форумына қатысушылар. 14 мамыр 2014 жыл.
Пекинде басталған "Бір белбеу - бір жол" стратегиясы аясындағы халықаралық ынтымақтастық форумына қатысушылар. 14 мамыр 2014 жыл.

Қытай Жібек жолы қорына қосымша 100 миллиард юань (14,5 миллиард доллар) бөледі деп мәлімдеді бүгін Пекинде басталған «Бір белбеу - бір жол» стратегиясы аясындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша жоғары деңгейдегі форумда Қытай президенті Си Цзиньпин.

Оның сөзінше, Қытай мемлекеттік даму банкі Жаңа жібек жолы жобаларын қолдауға 250 миллиард доллар бөлуге, ал Қытайдың экспорт және импорт банкі «Бір белдеу – бір жол» бастамасы жобаларын қаржыландыруға 130 миллиард юань көлемінде мақсатты несие бөлуге дайын.

Пекинде екі күнге жалғасатын халықаралық экономикалық форумға қатысып жатқан 29 елдің басшылары арасында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та бар.

Қытай 2013 жылы жылы бастаған «Бір белдеу – бір жол» жаңа экономикалық даму стратегиясы Еуразия елдері арасында сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытып, инфрақұрылым құруды көздейді. Бұл стратегияға сәйкес, Қытай көршілес Қазақстан және Ресей арқылы Шығыстан Батысқа тауар тасымалдайтын сауда дәлізін іске қосуды жоспарлаған.

XS
SM
MD
LG