Accessibility links

Солтүстік Корея кезекті рет зымыран ұшырды


Солтүстік Корея қарулы күштерінің зымыран ұшыруы. (Көрнекі сурет.)
Солтүстік Корея қарулы күштерінің зымыран ұшыруы. (Көрнекі сурет.)

Солтүстік Корея батыс жағалауы аймағынан жексенбі күні кезекті рет зымыран ұшырғаны туралы Оңтүстік Корея қарулы күштері штаб басшыларының біріккен комитеті мәлімдеген.

«Солтүстік Корея бүгін таңсәріде Пхенан-Пукто провинциясында белгісіз типтегі зымыран ұшырды» делінген мәлімдемеде.

Бұл оқиғаға байланысты Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин ұлттық қауіпсіздік кеңесі отырысын шақырған.

Жапонияның Киодо агенттігі жапон үкіметінің бас хатшысы Есихидэ Сугаға сілтеме жасап, Солтүстік Корея зымыраны ел территориясына жетпей, Жапон теңізіне құлағаны туралы хабарлады. Зымыран ұшыруды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарын бұзу деп бағалаған Токио Пекиндегі Солтүстік Корея елшілігіне наразылық нотасын жолдаған.

Тынық мұхиттағы АҚШ қарулы күштерінің басшылығы Солүстік Кореяның баллистикалық емес зымыран ұшырғанын растаған. Ақ үй зымыран сынағын айыптап, Пхеньянға қарсы санкцияларды күшейтуге шақырған.

XS
SM
MD
LG