Accessibility links

Назарбаев Пекинде бірнеше елдің жетекшілерімен кездесті


"Бір белбеу - бір жол" стратегиясына арналған халықаралық экономикалық форумы. Пекин, 14 мамыр 2017 жыл.
"Бір белбеу - бір жол" стратегиясына арналған халықаралық экономикалық форумы. Пекин, 14 мамыр 2017 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қытайда басталған «Бір белдеу - бір жол» атты халықаралық ынтымақтастық форумы аясында Ресей президенті Владимир Путин және Түркия президенті Режеп Ердоғанмен кездесті деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Ресми ақпаратта Назарбаев Путин және Ердоғанмен әңгімеде жақында Астанада Сирия мәселесі бойынша өткен келіссөз кезеңінің қорытындысын талқылағаны айтылған.

Бұдан өзге Назарбаев Пекинде БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев, Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф, Малайзия премьері Наджиб Разак және Дүниежүзілік эконмикалық форум төрағасы Клаус Швабпен жүздесті деп хабарлайды Ақорда.

Пекинде екі күнге жалғасатын халықаралық форумға әлемнің 29 елінің жетекшілері қатысып отыр. Жиында инфрақұрылымдық байланыс, сауда-экономикалық ынтымақтастық, өнеркәсіптік инвестициялар, энергетика мен ресурстар, қаржылық қолдау, қоршаған ортаны қорғау сияқты маңызды мәселелер талқыланады.

XS
SM
MD
LG