Армения астанасы Ереванда қалалық ақсақалдар кеңесінің сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру үшін қала бойынша жалпы саны 474 сайлау учаскесі ашылған.
Сайлауға үш саяси бірлестік: биліктегі Армения республикалық партиясы (АРП), «Еркир цирани» партиясы и және «Елк» блогынан 308 кандидат тіркелген. Бес партия мен блоктар бұл сайлауға бойкот жариялаған. Сайлауды бақылауға 17 жергілікті қоғамдық ұйымнан 5130-дан астам адам тіркелген.
Армения сайлау кодексіне сәйкес, 65 депутаттан тұратын Ереванның ақсақалдар кеңесіне сайлау пропорционалды жүйе бойынша жүргізіледі.
«Ереван қаласының өзін өзі басқаруы туралы» заңға сәйкес, қала мэрін ақсақалдар кеңесі сайлайды. Қала мэріне үш саяси ұйымнан да кандидаттар ұсынылған. Олар: Ереванның қазіргі мэрі Тарон Маркарян (АРП), Никол Пашинян («Елк») және Заруи Постанджян («Еркир цирани»).