Accessibility links

Қызылордада ТЭЦ мұржасы опырылып құлап, жұмысшы қаза тапты


Қызылорда облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Қызылорда облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Қызылордада ТЭЦ мұржасы қирату кезінде опырылып құлап, екі жұмысшыны үйінді басып қалды. Олардың бірі ауруханаға түсіп, екіншісі қаза тапты.

Жергілікті агенттіктердің төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап хабарлауынша, қайғылы оқиға 14 мамыр күні сағат 19-да болған. Мұржаны "Алтын ЛТД" компаниясының екі жұмысшысы бұзып жатқан. Олардың бірі мұржа опырылып құлаған соң облыстық ауруханаға жеткізілген. Екінші жұмысшының денесін құтқарушылар 15 мамыр күні таңғы сағат 4 шамасында үйінді астынан шығарған. Құтқару жұмыстарына аэромобильді жедел құтқару отрядының кинология бөлімі де жұмылдырылған.

XS
SM
MD
LG