17 мамырда басталатын әйгілі Канн кино фестиваліне биыл 70 жыл толады. Фестикальдің биылғы бағдарламасында дүниежүзінен 19 кино, оның ішінде украиналық режиссер Сергей Лозництің "Кроткая" фильмі мен ресейлік Сергей Звягинцевтің "Нелюбовь" фильмі бар. Фестивальдің басты наградасы - "Алтын пальма бұтағы" жүлдесіне София Копполаның Николь Кидман мен Кирстен Данст ойнаған "Қатерлі арбау" фильмі және Ноа Баумбактың "Майровиц жанұясының тарихы" фильмі де бар.
Фестивальге ұсынылған Винсент Линдонның "Роден" фильмінде Жерар Депардье ойнаған. Француздың әйгілі мүсіншісі Огюст Роденнің көз жұмғанына биыл 100 жыл толады. Венгер режиссері Корнел Мундруцо Еуропадағы мигранттар дағдарысы және жараланған соң ерекше қабілеті оянған жас босқын жігіт жайлы "Артық адам" фильмін ұсынып отыр.