Украина сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, полиция Киевте Eurovision конкурсы кезінде украиналық әнші Джамал ән айтып тұрғанда сахнаға жүгіріп шығып, бөксесін жалаңаштаған бұзақыны ұстаған. Министр Арсен Аваковтың Facebook-те жазуынша, ұсталған адам Виталий Седюк полиция өзін тұтқындайтын кезде қарсылық көрсеткен. Седюк 72 сағатқа қамалған және оған бұзақылық жасады деген айып тағылып, бес жылға дейін сотталуы мүмкін.
Седюк бұрын да талай рет көпшілік қатысқан шараларда осындай ерсі әрекеттер жасап көзге түскен. 2012 жылы ол Мәскеуде фильмнің премьерасы кезінде америкалық актер Уилл Смитті сүймек болған. Ал 2013 жылы "Грэмми" сыйлығын табыстау кезінде британ әншісі Адельдің қолынан микрофонын жұлып алған. Украина Eurivision байқауын өткізу құқығын өткен жылы Швецияда әнші Джамала Сталиннің Қырым татарларын депортациялауы туралы әнін орындап жеңіске жеткен соң ұтып алған. 13 мамырда конкурстың жеңімпазы деп португалдық Сальвадор Собрал танылған.