Accessibility links

Макрон бүгін Меркельмен кездеседі


Эммануэль Макрон Франция президенті қызметіне кірісу салтанатынан соң. Париж, 14 мамыр 2017 жыл.
Эммануэль Макрон Франция президенті қызметіне кірісу салтанатынан соң. Париж, 14 мамыр 2017 жыл.

Франция президенті Эммануэль Макрон алғашқы толық жұмыс күні ел премьер-министрін тағайындап, Германия канцлері Ангела Меркельмен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Макрон әкімшілігі 14 мамырда қызметіне кірісіп, Францияның біртұтастығын және Еуропа Одағына сенімді қалпына келтур бағдарламасын жария еткен. Көптеген сарапшылар Макрон премьер-министр қызметіне Республикашыл партия өкілі Эдуард Филипті тағайындайды дейді. 46 жастағы Филипп Францияның солтүстігіндегі портты Гавр қаласының мэрі. Филипп пен Макронның экономика мен әлеуметтік мәселелерге қатысты көзқарастары ұқсас.

Макрон 15 мамырда Берлинде Ангела Меркельмен кездесіп, Францияның Германиямен қарым-қатынасын нығайтуды талқылайды. Меркель 39 жастағы Макронның сайлауда әсіре оңшыл қарсыласы Марин Ле Пенді жеңгенімен құттықтаған.

XS
SM
MD
LG