Қытай президенті Си Цзиньпин басқа елдердің үіметтерін әлемдік экономикалық өсімге қол жеткізу үшін "барынша ашықтық танытып, ынтымақтастық орнатуға" және "протекционизмнен бас тартуға" шақырды. Цзиньпин бұл туралы 15 мамырда - Пекинде Қытайдың бастамасымен өтіп жатқан "Бір белдеу, бір жол" форумының екінші күні мәлімдеді. Форум Қытайдың әлемдегі сауда-саттық пен геосасаттағы ықпалын арттыруға бағытталған. Форумға Азия, Еуроп мен Африканың 29 мемлекетінің басшылары мен өкілдері қатысып жатыр
"Өзара тәуелділік пен қауіп-қатер артып бара жатқан әлемде бір де бір ел қауіп-қатерге өздігінен қарсы тұрып, әлемдік проблемаларды шеше алмайды" деді Ресей президенті Владимир Путиннің қасында тұрып сөйлеген Си Цзиньпин. 14 мамырда Си Цзиньпин Қытайды Азия, Африка және Еуропамен порттар, темір жол, автомагистраль және индустриалдық парктер арқылы байланыстыратын Жібек жолын жаңа форматта дамытуға қосымша 124 миллиард доллар бөлуге уәде берген. Пекин еркін сауданы қолдайды, ал АҚШ президенті Дональд Трамп әлемдік сауда келісіміне қатысты күмән келтіреді.
Ресей сарапшылардың пікірінше Пекиннің Орталық Азия сияқты аймақтардағы ықпалын арттырып, Мәскеудің ықпалын төмендететін "Бір белдеу, бір жол" бастамасына сақтықпен қарайды. Бірақ Путин Қытайдың бастамаларын қолдайтынын және Ресей оны іске асыруға белсенді түрде қатысатынын мәлімдеді.