Accessibility links

Қарағанды облысында тасқын шығынының сомасы жарияланды


Қарағанды облысының Чкалово ауылындағы су басқан үй. 17 сәуір 2017 жыл.
Қарағанды облысының Чкалово ауылындағы су басқан үй. 17 сәуір 2017 жыл.

Бүгін Қарағанды облысының билігі көктемдегі су тасқынынан келген шығынның алдын ала есептелген мөлшерін жариялады.

"Облыс аудандарында үйлерді техникалық тұрғыдан тексеріп, бүлінген мүліктерді бағалау жұмыстары аяқталды. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен тұрғындардың шығынын өтеу үшін жалпы сомасы 160 миллион теңге қажет. Облыстық бюджеттен 148,6 миллион теңге, аудандар бюджетінен 12 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр" деді бүгін Қарағандыда өткен жиында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Андрей Ляпунов.

Ресми мәліметке қарағанда, облыстың 22 елді мекенінде жыл басынан бері 140 үй мен 274 ауланы су басқан. Бұған дейін билік облыстың бес ауданы - Қарқаралы, Абай, Бұқар Жырау, Шет және Нұра аудандарында төтенше жағдай жарияланғанын хабарлаған. Облыстық әкімдіктің мәліметінше, тиісті қаулы әділет департаментінде тіркелген.

Тасқыннан Бұқар Жырау ауданы, әсіресе ауданның Садовое және Чкалово ауылдарының тұрғындары қатты шығын көрген (112 миллион теңге). Тасқыннан ең аз зардап шеккен - Абай ауданы (575,5 мың теңге). Биліктің ақпараты бойынша қалған аудандардың әрқайсысына алдын ала мәліметке сай 5-19 теңгеге дейінгі көлемде шығын келтірілген.

XS
SM
MD
LG