Accessibility links

Елеусінов ісі бойынша шешім 16 мамырда жарияланады


Әмин Еелеусінов сотта адвокаты Төлеген Шаиковпен сөйлесіп тұр. Астана, 15 мамыр 2017 жыл.
Әмин Еелеусінов сотта адвокаты Төлеген Шаиковпен сөйлесіп тұр. Астана, 15 мамыр 2017 жыл.

Oil Construction Company (OCC) компаниясы кәсіподағының жетекшісі Әмин Елеусінов пен айыптау тарабы арасында жасалған процессуалдық келісім бойынша шешім 16 мамырда Астананың Алматы аудандық №2 сотында жарияланатын болды. Прокурор Данияр Темірханов пен Әмин Еелеусіновтің және жәбірленушінің арасындағы келісімге 12 мамырда жарияланып, қол қойылған.

Келісім бойынша, Елеусінов өзіне "кәсіподақтың сеніп тапсырған қаржысын жымқырғанын" және полицияға тіл тигізу, бағынбау және күш қолдану баптары бойынша тағылған айыпты мойындайды. Келісімге сай, Елеусінов OCC жұмысшыларына 2018 жылдың мамыр айына дейін 8 миллион 212 мың теңге төлеуі тиіс.

Бүгін судья Гүлжахан Ұбашева Әмин Елеусіновтен төртінші рет одан "Кінәңізді өз еркіңізбен мойындайсыз ба?" деп сұрады.

- Мен процессуалдық келісімді қолдаймын, барлық пунктерімен келісемін, кінәмді толық мойындаймын, жазаға келісемін және сот тарапынан шектеу болады деп сенемін деді, - деді Елеусінов.

Келісім шарттары бойынша, Елеусіновтің "қылмыстық жолмен иеленген" мүлкі тәркіленіп, босаған соң қоғамдық және кәсіподақ қызметімғен айналысуына бес жылға дейін тыйым салынады.

Прокурор Елеусіновке таққан айыпты оқып тұр (26 сәуір 2017 жыл)

Елеусіновке таққан айыпты оқыды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:22 0:00

Маңғыстау облысындағы Oil Construction Company (ОСС) компаниясы мұнайшыларының кәсіподақ төрағасы Әмин Елеусінов қаңтардың 21-інен бері Астанадағы ЕЦ-166/1 мекемесінде қамауда отыр. Ол ұсталарға дейін ОСС жұмысшылары компанияның Ақтаудағы кәсіподақ кеңсесінде және Қаламқас пен Жетібай кеншітерінде екі апта бойы аштық акциясын өткізген. Мұнайшылар биліктен Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтары конфедерациясын жаппауды талап еткен.

Аштық акциясы кезінде Елеусіновпен бірге ұсталған, OCC компаниясы кәсіподағының еңбек инспекторы Нұрбек Құшақбаев өткен айда "сот заңсыз деп тапқан ереуілді жалғастыруға арандатты деп айыпталып, екі жарым жылға сотталған.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG