Accessibility links

Әзербайжан Таулы Қарабақтың зымыраннан қорғаныс жүйесіне соққы жасады


Таулы Қарабақ картасы (Көрнекі сурет).

Әзербайжан қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақтағы армяндардың әуе шабуылынан қорғаныс жүйесіне күйрете соққы жасады. Таулы Қарабақ ресми түрде Әзербайжанның бір бөлігі саналғанымен, Армения қолдайтын сепаратистер оны 1990 жылдардың басындағы 30 мыңға тарта адам құрбан болған соғыста бақылауға алған.

Ширек ғасырға созылған жанжалды дипломатиялық жолмен шешу талпыныстарынан ерекше нәтиже шыға қойған жоқ. Әзербайжанның қорғаныс министрлігі соққы нәтижесінде "Оса" зымыраннан қорғаныс жүйесі қирап, оған қызмет ететін әскерилердің қаза тапқанын хабарлады. Министрлік бақылау аймағы сызығының бойында зымыраннан қорғаныс жүйесін орнатудың арандату және әзербайжан ұшақтары үшін қауіпті екенін айтады.

Таулы Қарабақ билігі жүйеге зақым келгені туралы ақпаратты растады, бірақ адам шығыны болғанын жоққа шығарды. Таулы қарабақ билігі ресми комментариінде "арандатушылықтың жазасыз қалмайтынын" ескертті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG