Хиллари Клинтон америкалықтарды саясатқа тартып, президент Дональд Трамп әкімшілігіне қарсы топтарды қолдайтын жаңа саяси Onward Together кампаниясын бастады. Жаңа кампания бұрынғы мемлекеттік хатшы, президент сайлауында Дональд Трампқа қарсылас болған Хиллари Клинтонның саясатқа қайта оралғанын білдіреді.
"Соңғы бірнеше айда ойланып, біраз уақыт отбасыммен өткіздім" деп жазды 69 жастағы Клинтон Twitter-де. "Мен қазір де азаматтық белсенділіктің біздің демократиямыз үшін маңызы зор деп санаймын. Бұл жыл мен ойлағандай болмады. Бірақ Американың бұрынғыдан да мейірімді, барлығына бірдей орын бар ел болуы үшін күрескенімді білемін" деп жазды Клинтон.
Ол өзінің жаңа қозғалысын қолдайтын бес топты атады, олар - Invisible, Color of Change, Emerge America, Run for Something және Swing Left топтары. Республикашыл партияның ұлттық комитетінің өкілі Майкл Аренс Клинтонды "өмірде болып жатқан оқиғалармен түк байланысы жоқ" деп атады. Егер демократтар ақылдырақ болғанда, онда Хиллари Клинтоннан мүлдем кетіп қалатын уақыт туғанын түсінген болар еді" деді Аренс.