Accessibility links

Ақ үй: Трамп Лавровпен кездесуде құпия ешнәрсе талқылаған жоқ


АҚШ президенті Дональд Трамп (ортада) Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен (сол жақта) және Ресей елшісі Сергей Кислякпен кездесуде. Вашингтон, 10 мамыр 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп (ортада) Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен (сол жақта) және Ресей елшісі Сергей Кислякпен кездесуде. Вашингтон, 10 мамыр 2017 жыл.

Ақ үй өкілдері АҚШ президенті Дональд Трамп өткен аптада Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен және Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Сергей Кислякпен кездесуінде құпия ақпаратты жариялағанын жоққа шығарды.

Washington Post газетінің ақпараты бойынша, президент Трамп Ресей билігінің өкілдерімен кездесуде кейбір елдердің ұшақ салонында ноутбук тасымалдауға тыйым салғанына қатысты мәліметтерді бөліскен. Бұл ақпаратты кейін New York Times газетінің дереккөзі де растады. Америкалық БАҚ-тың ұйғарымынша, одақтас елдердің бірі АҚШ-қа ешкіммен бөліспеу туралы шартпен құпия ақпарат берген, барлау қызметі білген ол дерек "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының жоспарына жайлы болған.

Washington Post және New York Times басылымдарымен сөйлескен адамдар бұл мәліметтер арқылы "Ресей ақпаратты қалай алғанын анықтап, одақтас елдің барлау операциясына нұқсан келтіруі мүмкін" деп алаңдайды.

Екі басылым сайттарында жарияланған ақпараттан соң Трамптың ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша көмекшісі генерал Макмастер оларды жоққа шығарды. Ол Трамп кездесуде "ақпарат көздері немесе оны жинау тәсілдері туралы мәселені" талқыламағанын және ашық ақпарат көздерінде келтірілмеген операция туралы әңгіме болмағанын айтты. Трамптың ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісінің көмекшісі, кездесуде болған Дайна Пауэлл мұндай ақпардың шындыққа сай келмейтінін мәлімдеді.

Бірақ демократиялық партия мен республикашылдар партиясынан сайланған бірнеше ықпалды конгресмен бұл ақпарға қатысты алаңдаушылық білдіріп, Ақ үйді оған қатысты толық ақпарат беруге шақырды.

ВИДЕО: Трампқа қатысты дауды "Жаһан жаңалықтарынан" көріңіз

Жаһан жаңалықтары 16.05.2017
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:02 0:00

XS
SM
MD
LG