Accessibility links

Зерттеушілер: WannaCry вирусының Солтүстік Кореямен байланысы болуы мүмкін


Көрнекі сурет

Киберқауіпсіздікпен айналысатын компаниялар өткен аптада әлемде үш жүз мыңнан астам компьютерге жасалған кибершабуылдың Солтүстік Кореямен байланысы бар болуы мүмкін екенін анықтады. 15 мамырда "Касперский лабораториясы" компаниялары WannaCry бопсалаушы вирусын пайдалану арқылы жасалған компьютерге шабуылдың кодтары 2014 жылы Sony компаниясының серверлерін бұзған Lazarus тобы таратқан зақымдаушы бағдарламаның кодтарымен бірдей екенін мәлімдеді. Ол кездегі шабуылға Солтүстік Корея кінәлі делінген.

"Бұл бізге WannaCry-дың қайдан шыққанын еске жақсы салды" деген "Касперский лабораториясы" компаниясы код Lazarus тобының зақым келтіретін бағдарламасынан тікелей көшірілген болуы мүмкін екенін айтады.

Symantec WannaCry мен Lazarus бағдарламаларының ұқсастығы болмашы екенін мәлімдеп, мамандар зерттеу жұмыстарын жалғастыратынын айтты.

Израильдің Intezer Labs компаниясы кибершабуылға Солтүстік Кореяның қатысы бар болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

12 мамырда жасалған, 150 елде 200 мыңнан астам адам жапа шеккен кибершабуылда WannaCrypt [WCry немесе WannaCryptor деп те аталады] бағдарлама-вирусы қолданылған. Вирус бағдарлама компьютердегі мәліметтерді түгел бұғаттап тастап, оны қайта ашу үшін биткоинмен ақша төлеуді талап етеді. Ресейде кибершабуылға ішкі істер министрлігі, тергеу комитеті, ұялы байланыс операторлары мен Ресей теміржол компаниясының компьютерлері ұшыраған. Ұлыбританияда бопсалаушы вирустан мемлекеттің ауруханалар мен басқа да медициналық мекемелер зардап шеккен. Қазақстанда 12 мамырда Каспий теңізіндегі Қашаған кенішін игеріп жатқан NCOC компаниясы серверлеріне кибершабуыл жасалған.

15 мамырда вирус бағдарламаның шабуылы бәсеңсіді.

Кибершабуылдың Солтүстік Кореямен ықтимал байланысын әлем елдерінің құқық қорғау құрылымдары, оның ішінде Вашингтон мұқият зерттеп жатыр.

15 мамырда АҚШ президентінің ішкі қауіпсіздік бойынша кеңесшісі қылмыстышет мемлекет, немесе жекелеген киберқылмыскерлер де жасауымүмкін деп мәлімдеген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG