Accessibility links

Вашингтонда Комидің отставкасына қатысты жабық брифинг өтеді


Род Розенштейн, АҚШ бас прокурорының орынбасары.

АҚШ бас прокурорының орынбасары Род Розенштейн 18 мамырда сенатта президент Дональд Трамптың Федералдық тергеу бюросының директоры Джеймс Комиді қызметінен босатуына қатысты жабық тыңдау өткізеді.

Конгрестің өкілдер палатасындағы демократтар жетекшісі Нэнси Пелоси 15 мамырда өзінің мұндай тыңдауды төменгі палатада да өткізуді сұрағанын айтты.

Сенаттағы демократтар өкілі Чак Шумер сенаторлардың бұл брифингте Комидің отставкаға жіберілуіне қатысты «толық шындыққа жетуге» тырысатынын айтты. Оның сөзінше, сенаторлар сонымен қатар Розенштейнге Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға килігу ісі бойынша арнайы прокурор тағайындауына ықпал етпек. Коми Трамптың сайлауалды штабы қызметкерлерінің Мәскеумен ықтимал байланыстарын тексеріп жақтан Федералдық тергеу бюросын басқарған. Ресей АҚШ сайлауына киліккенін жоққа шығарады. Трамп бұл тергеуді жаратпай, оны «жалған» деп атаған.

Демократиялық партия елдегі сайлауға шетелдің килігуі проблемасы өте маңызды екенін және оны Ақ үй ме конгрестің елемей қоюына болмайтынын мәлімдеп, оны тергеу үшін арнайы прокурор тағайындауға немесе жекелеген адамдардан арнайы тергеу комитетін жасақтауға шақырады. Кейбір республикашылдар да тәуелсіз тергеу жүргізуге шақырады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG