Accessibility links

Душанбе даулы Рогун ГЭС-і жобасын қорғаштады


Сирожидин Аслов, Тәжікстан сыртқы істер министрі. Брюссель, 15 мамыр 2017 жыл.
Сирожидин Аслов, Тәжікстан сыртқы істер министрі. Брюссель, 15 мамыр 2017 жыл.

Тәжікстан сыртқы істер министрі Сирожидин Аслов көршілес Өзбекстанмен көп жыл бойғы дауға себеп болған Рогун гидро электр станциясының (ГЭС) жобасын қорғай сөйледі. 15 мамырда ол Брюссельде журналистерге Душанбенің "өзеннің төменгі ағысында орналасқан көршілес елдердің мүдделерін қашан да ескеріп жүргенін" айтты.

Тәжік билігі Рогун ГЭС-інің құрылысы аяқталса ел тұрғындарын электр қуатымен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік туады деп үміттенеді. Рогун бөгетінің құрылысы ресми түрде өткен жылы қазанда, Өзбекстан президенті Ислам Каримов қайтыс болғаннан екі айдан аз уақыт өткен соң басталған. Каримов бөгет Өзбекстанның мақта алқаптарына келетін суды азайтады деп, бөгет құрылысына қарсы болып келген еді.

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы да Рогун бөгеті салынатын ауданда тұратын халық үкімет оларды құрылысқа байланысты басқа аудандарға көшіргенде тұрғын үй, азық-түлік, ауыз су мәселелеріне тап болатынын айтып, жобаны сынаған.

XS
SM
MD
LG