Accessibility links

Дерипаска AP-ны "Манафортпен байланысы туралы" ақпарға қатысты сотқа берді


Ресейлік миллиардер Олег Дерипаска (сол жақта) мен АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды штабының бұрынғы жетекшісі Пол Манафорт.

Ресейлік миллиардер Олег Дерипаска Associated Press (AP) агенттігін өзінің АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды штабының бұрынғы басшысы Пол Манафортпен байланысы бар болуы мүмкін деген мақаласына байланысты сотқа берді деп хабарлады ТАСС агенттігі.

Бизнесмен материал авторын көрінеу жала жапты деп айыптайды. AP агенттігінің бас заң кеңесшісі Карен Кайзер агенттік сотта өз ұстанымын қорғайтынын айтты.

Бұған дейін Дерипаска АҚШ конгресінде тыңдауға қатысып, Манафортпен "Путин үкіметінің мүдделерін алға жылжыту" үшін жылына 10 миллион доллар бөлу туралы келісім жасасқаны туралы ақпарға комментарий беруге даяр екенін мәлімдеген.

Наурыз айында AP Манафорт "10 жылдай уақыт бұрын Дерипаскамен құпия түрде жұмыс істесіп, АҚШ бизнесі, бизнесі мен медиасында Кремльдің мүдделерін алға шығарудың стратегиялық жоспарын даярлағанын" хабарлаған.

AzattyqTV

AzatNews 16.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:38 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG