Accessibility links

Украина "Яндекс", "ВКонтакте" және "Одноклассникті" бұғаттамақ


Петр Порошенко, Украина президенті.

Украина президенті Петр Порошенко Ресейге қарсы санкцияны ұзартты.

Санкцияға ілінген адамдар мен заңды тұлғалардың ұзартылған тізімі президенттің ресми сайтында жарияланды. Жарлықта Украина территориясында санкцияны кеңейту аясында ресейлік "ВКонтакте", "Одноклассник" әлеуметтік желілері мен "Яндекс" және Mail.ru Group қызметтері бұғатталады. Санкцияға 1200-ден астам жеке тұлға мен ресейлік 500-ге тарта компания іліккен.

Украина Қырымды аннексиялап, Донбастағы сепаратистерді қолдағаны үшін Ресейге қарсы бірінші рет 2015 жылы қыркүйекте санкция салған.

ВИДЕО: Украина санкциясының жайын "Жаһан жаңалықтарынан" көріңіз

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG