Accessibility links

Ердоған мен Трамп Ақ үйде кездесті


АҚШ президенті Дональд Трамп пен Түркия президенті Режеп Ердоған. Вашингтон, 16 мамыр 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп 16 мамырда Ақ үйде Түркия президенті Режеп Ердоғанмен кездесті. Кездесуден соң бірлесіп өткізген баспасөз конференциясында екі ел басшысы да негізінен терроризммен күрес туралы айтты.

Трамп Вашингтонның Анкараға террористік топтармен күресте қолдау көрсете беретінін мәлімдеді. Ол "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мен Түркияда, АҚШ пен Еуропа Одағында қатар террористік ұйым деп танылған Күрдістан жұмысшы партиясы жайлы айтты.

Ердоған террористік ұйымдардың әрекетіне жол берілмеуі тиіс екенін айтып, мұндай ұйымдар қатарына күрдтердің "Демократиялық одақ" партиясы мен оның қарулы қанаты - YPG құрылымын да қосты. Түркия президенті бұл ұйымдармен ынтымақтастық орнатуға мүлдем болмайтынын айтты. Өткен аптада Вашингтон көбінесе YPG жасақтарынан құралған "Сирияның демократиялық күштері" одағына әскери көмек беру жоспарын мақұлдаған.

Ердоғанның АҚШ-тағы сапары әлі жалғасады.

AzattyqTV

Денис Тен өліміне қатысы екі күдікті ұсталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:09 0:00
XS
SM
MD
LG