Accessibility links

Өскеменде ТЭЦ аумағы өртенді


Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Өскемен ТЭЦ-і аумағында өрт болып, бу нысанының шатыры өртенді. Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт аумағы 400 шаршы метрді құраған. Өрт орнында әуеден қара қою түтінді байқауға болады. Өскемендік әлеуметтік желі қолданушылары түтіннің қаланы қалай көмкергені байқалатын сурет пен видео салып жатыр. Жергілікті http://yk-news.kz порталы оқиға орнынан түсірілген видеосын жариялады.

ТЖД ақпаратына қарағанда, өрт жергілікті уақыт бойынша түске таман сөндірілген. Өрттен ешкім зардап шекпеген, ТЭЦ жұмыс істеп тұр. ТЖД өрт болғанда ТЭЦ-тегі суды салқындататын құрылғы орнатылған ғимарат жөнделіп жатқанын айтады. Өрттің неден шыққан әзірге белгісіз.

Өртті сөндіруге 20 техника мен 80 адам жұмылдырылған.

XS
SM
MD
LG