Accessibility links

ҰҚК: Қызылорда облысында арнайы операция жүргізіліп жатыр


ҰҚК арнайы жасағы арнайы операция кезінде (Көрнекі сурет).
ҰҚК арнайы жасағы арнайы операция кезінде (Көрнекі сурет).

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Қызылорда облысында "мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз иелену, тасымалдау, сақтау және сатуға қатысы бар" бірнеше қылмыстық топ әрекетінің жолын кесуге қатысты арнайы операция жүргізіп жатыр. ҰҚК-нің бүгін таратқан ақпаратына қарағанда, операция 16 мамырда басталған. Ішкі істер министрлігімен бірлесе жүргізіліп жатқан операция барысында Қызылорданың транспорт прокуроры Н.Серікбаев "криминалдық мұнай бизнесіне қамқорлық танытты" деп ұсталған.

ҰҚК операция аясында сонымен қатар Қызылорда, Шымкент және Тараз қалаларында ведомствоаралық жедел тергеу тобының өкілдері 8 адамды ұстағанын айтады. Олардың тұрғылықты жерлерінде және олармен байланысты Қызылорда қаласындағы "КАИС-сервис" кәсіпорны мен Тараздағы "Қарамай Ойл" кәсіпорнында тінту жүргізілген.

Арнайы қызмет жедел тергеу шаралары жалғасып жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG