Accessibility links

Ауғанстан: Жалалабадта телерадио орталығында атыс болып жатыр


Жалалабад қаласындағы атыс болып жатқан аумақ. Ауғанстан, 17 мамыр 2017 жыл.
Жалалабад қаласындағы атыс болып жатқан аумақ. Ауғанстан, 17 мамыр 2017 жыл.

Ауғанстанның Жалалабад қаласында бір топ қарулы адам мемлекеттік телеарна және радиохабарларын тарату орталығына басып кіріп, атыс болып жатқаны хабарланды.

Нангархар уәлаяты губернаторының ресми өкілі Аттулла Ходжьянидің айтуынша, 17 мамыр күні бір топ қарулы адам Ауғанстан телерадио хабарларын тарату орталығына шабуыл жасап басып кірген. Оның сөзінше, шабуылдаушы адам кем дегенде үшеу болған, олардың екеуі өз-өзін жарып жіберген, қалған біреуі атысып жатыр.

Шабуылды қай топ жасағаны әзірге белгісіз.

Жалалабадтағы шабуыл Ауғанстанда талибтер жыл сайын белсенділігін күшейтетін көктемгі шабуылдарын бастаған тұста болып отыр.

XS
SM
MD
LG