Accessibility links

Иранда тағы бір оппозиция жетекшісі сайлауда Роуханиді қолдады


Мир Хуссейн Мусави, Иран оппозициясының жетекшісі.
Мир Хуссейн Мусави, Иран оппозициясының жетекшісі.

Иран оппозициясының жетекшісі, 2011 жылдан бері бейресми үйқамақта отырған Мир Хуссейн Мусави 19 мамырдағы президент сайлауында іс басындағы президент Хассан Роуханиге дауыс беретінін мәлімдеді.

Оппозициялық Kalameh- вебсайтының хабарлауынша, Мусави қауіпсіздік қызметкерлерінен сайлауда дауыс беру үшін бюллетень салатын жәшікті резиденциясына әкелуді сұраған.

Реформашыл ұстанымдарымен танымал танымал Мусави 2009 жылғы даулы президент сайлауынан соң болған бірнеше айға созылған демонстрациялардан кейін үйқамаққа алынған.

Екі күн бұрын өзге де ірі реформашылдар - оппозиция жетекшісі Мехди Карруби мен реформашыл бұрынғы президент Мохаммад Хатами де Роуханиге қолдау білдірген. Олардың саясатқа араласуына тыйым салынып, көпшілік алдына шығуына шектеу қойылғанына қарамастан Роуханидің сайлауалды шараларына қатысушылар арасында кең танымал болып жүр.

Хатами Роуханиді қолдайтыны туралы видео үндеуінде "Біз жолымызды Роуханимен бастап, жарты жолға келдік...Біз бірқатар проблеманы шештік және онымен бірге жүретін, қиындыққа толы қалған жарты жолымызда үлкен проблемаларды шешуіміз керек" деді.

XS
SM
MD
LG