Accessibility links

Ауғанстанда телеорталыққа шабуылдан алты адам қаза тапты


Жалалабадтағы шабуыл жасалған аумақта жүрген қауіпсіздік сарбаздары. Ауғанстан, 17 мамыр 2017 жыл.
Жалалабадтағы шабуыл жасалған аумақта жүрген қауіпсіздік сарбаздары. Ауғанстан, 17 мамыр 2017 жыл.

Ауғанстанның Жалалабад қаласында бүгін мемлекеттік телеардио орталығының ғимаратына жасалған шабуылдан екі бейбіт тұрғын қаза тауып, шабуылдаған төрт адамның көзі жойылды.

Жергілікті шенеуніктер мен дәрігерлердің айтуынша, шабуылдан кейін болған атыстан 13 бейбіт тұрғын жараланған.

Нангархар уәлаяты губернаторының баспасөз хатшысы Атталла Ходжьяни қарулы төрт адам Ауғанстан телерадио орталығының ғимаратына басып кіріп, оның екеуі өз-өздерін жарып жіберген.

Шабуыл кезінде орталықтың бірнеше қызметкері ғимаратта қалып қойған. Шабуыл жауапкершілігін әзірге ешбір топ мойнына алған жоқ.

Пәкістанмен шекаралас таулы Нангархар уәлаятында талибтер мен "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының бөлімі қатар әрекет етеді.

XS
SM
MD
LG