Accessibility links

Еуропарламент төрағасы Антонио Таяни мен Еуропа Одағына (ЕО) төрағалық жасайтын Мальта премьер-министрі Джозеф Мускат Украина азаматтарына ЕО аумағында визасыз жүріп-тұруына рұқсат беру туралы келісімге қол қойды.

Страсбургте өткен келісімге қол қою салтанатына Украина президенті Петр Порошенко да қатысты.

Келісім таяу уақытта "Еуропа Одағының ресми журналында" жарияланады. Келісім баспасөзде жарияланғаннан 20 күннен соң күшіне енеді.

XS
SM
MD
LG