АҚШ Вашинтонда Түркия президенті Режеп Ердоғанның күзет қызметкерлері Түркия елшілігі алдында наразы демонстранттармен қақтығысып қалғанына байланысты алаңдаушылық танытты. "Зорлық-зомбылық ешқашан сөз бостандығына лайық келмейді және біз барлық адамның ой-пікірін еркін білдіру әрі бейбіт қарсылық акцияларын өткізу құқығын қолдаймыз" деп мәлімдеді мемлекеттік департамент өкілі Хизер Ноерт.
Ердоған Вашингтонға АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөз жүргізуге барған. Куәгерлердің айтуынша, Ердоғанның оққағарлары Түркия елшісі резиденциясының маңында полиция қоршауын бұзып өтіп, күрдтер мен армяндар демонстрациясына қатысқандарды ұрып-соққан. Полиция оқиғаны "бейбіт қарсылық акциясына қатіыгездікпен шабуылдау" деп атап, төбелеске қатысқандарды анықтау және тергеу үшін видео жазбаларды зерттейтінін мәлімдеді. Қақтығыстан 11 адамзардап шегіп, екі адам ұсталды. Кейбір ақпар бойынша, ұсталғандар өздерін Ердоғанның күзетшілері емес екенін айтқан.