Accessibility links

CPJ Порошенкодан ресейлік сайттарды бұғаттан шығаруды талап етті


Петр Порошенко, Украина президенті.
Петр Порошенко, Украина президенті.

Журналистерді қорғау комитеті (Committee to Protect Journalists - CPJ) халықаралық ұйымы Украина президенті Петр Порошенкодан ресейлік сайттар мен әлеуметтік желілерді бұғаттан шығаруды талап етті. Құқық қорғаушылар бұл шараны "демократияға қарсы және азаматтардың өзіндік пікіріне тыйым салады" деп атады.

Порошенко 16 мамырда Ресейге қарсы санкцияны кеңейту туралы жарлық шығарып, шектеуге ілінген азаматтар мен заңды тұлғалар тізімін ұлғайтқан. Жарлық бойынша Украинада ресейлік "ВКонтакте" және "Одноклассники" әлеуметтік желілері мен "Яндекс" және Mail.Ru Group қызметтері бұғатталған.

Украина Қырымды аннексиялап, Донбастағы сепаратистерді қолдағаны үшін Ресейге қарсы бірінші рет 2015 жылы қыркүйекте санкция салған.

17 мамырда Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Порошенконы ресейлік сайттар мен әлеуметтік желілерді бұғаттан босатуға шақырған. Сол күні Порошенко Мәскеу Украинаға қарсы басқыншылығын тоқтатса Киев Ресейге қатысты санкцияларын қайта қарайтынын мәлімдеген.

ВИДЕО: Украина санкциясының жайын "Жаһан жаңалықтарынан" көріңіз (16.05.2017)

Жаһан жаңалықтары 16.05.2017
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:02 0:00

XS
SM
MD
LG