Accessibility links

Нидерланд королі ара-тұра KLM-да ұшқыш болып жұмыс істеген


Нидерланд королі Виллем-Александр зайыбы ханшайым Максима.
Нидерланд королі Виллем-Александр зайыбы ханшайым Максима.

Нидерланд королі Виллем-Александр мерзімді түрде жолаушылар ұшағының ұшқышы болып жұмыс істеген. Король тіпті таққа отырған 2013 жылдан кейін де ұшақ басқарып жүрген.

BBC-дің корольдің De Telegraaf газетіне берген сұхбатына сілтеме жасап хабарлауынша, Виллем-Александр нидерландылық KLM компаниясының еншілес KLM Cityhopper әуе компаниясының жолаушылар рейстерінде ешкімге білдірмей айына екі рет екінші ұшқыш ретінде жұмыс істеген. Ол әдетте іскер жолаушылардың Ұлыбритания, Германия, Норвегия және Еуропаның басқа да елдеріне сапарында қызмет көрсетеді. Қазір 50 жастағы Виллем-Александр Boeing-737 ұшағын басқаруды үйреніп жүр.

Бұған дейін король өзінің ұшқыш лицензиясы күшін жоймауы үшін орташа қашықтыққа ұшатын Fokker-70 ұшағының штурвалына тұрақты түрде отыратыны белгілі болатын.

XS
SM
MD
LG