Accessibility links

Қарағандыда балалар үйі тәрбиеленушілері арасында футболдан чемпионат басталды


Осакаровка ауданындағы балалар үйі тәрбиеленушілері жарыс кезінде. Қарағанды, 18 мамыр 2017 жыл.
Осакаровка ауданындағы балалар үйі тәрбиеленушілері жарыс кезінде. Қарағанды, 18 мамыр 2017 жыл.

Бүгін Қарағандыда "Шахтер" стадионында балалар үйлері мен мектеп-интернаттары тәрбиеленушілері арасында футболдан "Арманға бастар жол" деп аталатын бесінші чемпионат басталды. Чемпионатқа қатысушылар футболдың отаны - Ұлыбританияға сапарлау құқығын жеңіп алу үшін жарысқа түсіп жатыр.

Қарағанды облысынынан чемпионатқа Қарағанды мен Теміртау қалаларындағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері және Осакаровка ауданынан бес команда қатысып жатыр.

Қазір чемпионаттың іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Үздік шыққан екі команда Алматыға ақтық ойынға қатысуға барады. Чемпионатты "Бауыржан" қоры, коммерциялық банк, президенттің "Нұр Отан" партиясы мен Қазақстан футбол федерациясы ұйымдастырған. Биыл Қазақстан чемпионатына 13 облыстан 26 команда қатысады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, чемпионат жеңімпазы Ұлыбританияға сапарында Chealsea футбол клубының тарихымен танысып, Англия премьер-лигасының матчтарына қатыса алады.

XS
SM
MD
LG