Accessibility links

Баку соты: Лейла және Ариф Юнус елге күштеп қайтарылсын


Әзербайжандық ерлі-зайыпты құқық қорғаушылар Ариф Юнус пен Лейла Юнус.
Әзербайжандық ерлі-зайыпты құқық қорғаушылар Ариф Юнус пен Лейла Юнус.

Әзербайжан соты ерлі-зайыпты құқық қорғаушылар Ариф Юнус пен Лейла Юнусты оларға қатысты саяси астары бар іс бойынша жаңа сотқа қатыстыру үшін Нидерландыдан күштеп елге әкелуге шешім шығарды.

17 мамырда Баку соты Лейла және Ариф Юнустардың адвокаты Эльчин Садыковтың құқық қорғаушыларға сотқа видео байланыс арқылы қатысуына рұқсат беру туралы шағымын қабылдамай тастаған. Судья сонымен қатар сот тыңдауын 31 мамырға белгілеген. Садыков сот шешімі Әзербайжан билігін Лейла және Ариф Юнустарды тұтқындауға халықаралық ордер беруге мәжбүрлеуі мүмкін дейді.

61 жастағы Лейла Юнус пен 62 жастағы Ариф Юнус 2014 жылы ұсталған. 2015 жылы тамызда сот оларды "салықтан жалтарды" деп айыптап, Лейла Юнусты сегіз жарым жылға, ал күйеуі Ариф Юнусты жеті жылға соттап жіберген. Кейін екеуі денсаулық жағдайына байланысты босатылып, жазалары шартты жазаға өзгертілген. Оларға 2016 жылы сәуірде Нидерландығка кетуге рұқсат берілген. Олар содан бері Нидерландыда тұрып жатыр.

Юнустардың ісі бойынша жаңа сот тыңдауы өткен айда сот олардың өздерін ақтау туралы берген шағымын қараған кезде басталған.

XS
SM
MD
LG