Accessibility links

Путин: Трамптың Лавровпен әңгімесінің жазбасын көрсете аламыз


Владимир Путин, Ресей президенті. Сочи, 17 мамыр 2017 жыл.
Владимир Путин, Ресей президенті. Сочи, 17 мамыр 2017 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуінде жазылған жазбаны көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Бұған дейін Трамп осы кездесуде Лавровқа Сирияға қатысты құпия мәліметті жайып салды деген ақпар тараған болатын.

17 мамырда Сочиде Италия премьер-министрімен өткізген баспасөз конференциясында сөйлеген Путин егер АҚШ президентінің әкімшілігі керек десе, Ресей "Лавровтың Трамппен әңгімесінің жазбасын АҚШ конгресі мен сенатына беруге дайын" екенін айтты.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков кейінірек Путиннің кездесудің аудио жазбасы емес, жазбаша түрдегі хаттамасы туралы айтқанын хабарлады.

Америкалық БАҚ 15 мамырда аты-жөні құпия шенеуніктерге сілтеме жасап, Трамп 10 мамырда Ақ үйде Лавровпен кездесуінде оған одақтас елден алған құпия мәліметті бөліскені туралы хабарлаған.

Путин 17 мамырда АҚШ-та "саяси шизофрения асқынып келе жатқанын" мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG