Accessibility links

Абдрахманов: СІМ Бакумен БЖЗҚ мәселесі бойынша ынтымақтасуға әзір


Қайрат Абдрахманов, Қазақстан сыртқы істер министрі.

Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов министрлік Әзербайжан билігімен Қазақстанның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) қаржысын проблемаға тап болған әзербайжандық банкке салу мәселесі бойынша жұмыс істесуге дайын екенін мәлімдеді деп хабарлады Sputnik агенттігі.

"Қазір әңгіме қиын жағдайға тап болған әзербайжандық банкке инвестицияланған зейнетақы қаражаты туралы болып жатыр. Біз сауалдар түскеніне қарай дипломатиялық арналар арқылы Әзербайжанның тиісті құрылымдарымен белсенді түрде өзара іс-қимыл жасаймыз" деді Абдрахманов.

Қазақстандық кейбір экономистердің мәліметінше, БЖЗҚ-ның 71 миллиард теңгеден астам қаржысы (шамамен 225 миллион доллар) Әзербайжан халықаралық банкінің облигацияларына салынған. Бұл сома - зейнетақы қорында жиналған жалпы қаржының бір пайызын құрайды. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін басқаратын Ұлттық банк әзірге Әзербайжан банкіне қаржы салынғаны туралы ақпаратқа комментарий берген жоқ.

Өткен аптада Әзербайжан халықаралық банкі шетелдік кредиторлардан алған қаржысын төлеуді тоқтататынын хабарлаған. Батыс елдерінің ақпарат құралдары банктің АҚШ-сотына банкрот болатыны туралы өтініш бергенін хабарлаған.

17 мамырда парламент мәжілісінің бір топ депутаты үкімет пен Ұлттық банкке БЖЗҚ қаржысын инвестициялауға қатысты сауал жолдаған. Депутаттар сауалда Әзербайжан халықаралық банкіне салынғаны туралы ақпаратты тексеріп, қор қаржысын банкке инвестициялау туралы шешім шығаруға қатысы бар лауазымды тұлғаларды жауапқа тартуды сұраған.

AzattyqLIVE хабарында бүгін БЖЗҚ активтерін Әзербайжан банкіне инвестициялау мәселесіне қатысты сауалдарға экономист Рақым Ошақбаев жауап берген:

AzattyqTV

Спикердің дегеніне сенаторлар пікірі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:05 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG