Accessibility links

Өскеменде "Қазмырыш" зауытында өрт болды


Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Өскемендегі "Қазмырыш" компнаиясының зауытында 19 мамырға қараған түні өрт болды. Жергілікті агенттіктің ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап хабарлауынша, зауыттың мыс балқыту кәсіпорны аумағындағы үш бункердің жеңдік сүзгілері өртенген.

Комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов өрт сағат 00:25-те сөндірілгенін айтады. Өрт аумағы 50 шаршы метр болған. Өрттен ешкім зардап шекпеген, өндіріс процесі тоқтамаған.

Өскемендегі кәсіпорындарда осы аптада осымен екінші рет өрт болып отыр. 17 мамырда Өскемен ТЭЦ-інің аумағында өрт шығып, суды салқындататын құрылғы орнатылған ғимаратының төбесі өртенген. Өрттен ешкім зардап шекпеген.

XS
SM
MD
LG