Accessibility links

АҚШ авиациясы Сирияда Дамаск қолдайтын күштерге шабуылдады


Дейр әл-Зор провинциясындағы соғыстан қираған қала, Сирия (Көрнекі сурет).
Дейр әл-Зор провинциясындағы соғыстан қираған қала, Сирия (Көрнекі сурет).

АҚШ авиациясы Сирияда Дамаск мен Иран қолдайтын қарулы құрылымдардың шептеріне әуеден шабуылдады. Дейр әл-Зор провинциясындағы америкалық арнайы жасақ құрылымдары орналасқан Танф базасына бара жатқан көлік колоннасы бомбаланды.

АҚШ қолдайтын қарулы оппозиция өкілінің Reuters агенттігіне хабарлауынша, әуе шабуылы көтерілісшілер Танфтан 27 километр қашықтықтағы Дамаск - Бағдад жолында үкімет қолдайтын қарулы отрядпен қақтығысқан соң жасалған.

Коалиция күштерінің мәлімдемесінде Башар Асад билігі қолдайтын күштер Сириядағы АҚШ пен оның одақтастарына "қауіп төндіретіні" айтылған.

XS
SM
MD
LG