Accessibility links

ІІМ: Шетелде соғысып жатқан 240 қазақстандыққа іздеу жарияланған


Ақтөбедегі КА 168/2 түрмесінде қойылған, Сирияға кеткендер туралы спектакльден көрініс. 25 қазан 2016 жыл (Көрнекі сурет).
Ақтөбедегі КА 168/2 түрмесінде қойылған, Сирияға кеткендер туралы спектакльден көрініс. 25 қазан 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Шетелдегі соғыс қимылдарына қатысып жатқан, соғысып жүрген 240 Қазақстан азаматына терроризм қылмысы бойынша іздеу жарияланған деп мәлімдеді ішкі істер министрінің орынбасары Марат Демеуов. Ақтөбеде өтіп жатқан діни экстремизм және терроризмнің алдын алу шаралары жөніндегі жиында Демеуов күдіктілер Интерпол арқылы ізделіп жатқанын, кейбірі шетелде ұсталғанын айтты.

Демеуов экстремизм мен терроризмнің алдын алуға қатысты колонияларда ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу туралы айыптар бойынша сотталушылар мен экстремизм айыбымен сотталғандардың қосылып кетпеуі үшін жұмыс жүргізіліп жатқанын да жеткізді. Оның сөзінше, теологтармен бірге аптасына екі рет колонияларда экстремизмге ұарсы профилактикалық жұмыстар жасалады.

XS
SM
MD
LG