Accessibility links

Швеция прокуратурасы: Ассанжға қарсы тергеу тоқтатылды


Джулиан Ассанж, Wikileaks-тің негізін салушы.
Джулиан Ассанж, Wikileaks-тің негізін салушы.

Швеция прокуратурасы WikiLeaks сайтын құрған Джулиан Ассанжға қатысты зорлау айыбы бойынша тергеудің тоқтатылғанын мәлімдеді. Прокурор Марианн Ни "алдын ала тергеуді доғаруға" шешім қабылдады деп хабарлады 19 мамырда швед билігі. Осылайша Швеция құқық қорғау органдары мен Ассанждың жеті жылға созылған текетіресі аяқталды.

45 жастағы Ассанж өзін Швецияға экстрадицияламау үшін 2012 жылдан бері Лондондағы Эквадор елшілігінде тұрады. Швеция прокурорлары оны жыныстық зорлық көрсетті деген айып бойынша қайтаруды талап еткен. Ассанж айыпты терістеген. Ол сонымен қатар швед билігі өзін АҚШ-қа тапсыруы мүмкін деп, Швецияға барудан сескенеді. Вашингтон оны мемлекеттік құпия ақпаратты жариялады деп жауапқа тартқысы келеді.

Марианн Ни мен Швеция бас прокуроры Ингрид Исгрен тергеудің тоқтағаны туралы 19 мамырда кешірек баспасөз конференциясында жариялауы мүмкін. Швеция соты Ассанж адвокатының Стокгольмнен Еуропа сотының WikiLeaks-тің негізін салушыны тұтқындау туралы ордерін қайтарып тастауды талап еткен шағымын қарап жатыр.

XS
SM
MD
LG