Accessibility links

ҰҚК: Жаңа заң қабылданған соң 91 адам экстремизм айыбымен сотталды


Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды күшейту және осы саладағы заңнаманы жетілдіру шаралары жөніндегі жиын. Ақтөбе, 19 мамыр 2017 жыл.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды күшейту және осы саладағы заңнаманы жетілдіру шаралары жөніндегі жиын. Ақтөбе, 19 мамыр 2017 жыл.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков діни экстремизм мен терроризмге қарсы жаңа заң қабылданғаннан кейін 91 адам терроризм және экстремизм айыбымен сотталғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Ақтөбеде өткен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары туралы жиында айтты.

- Біз шетелдердегі соғысқа кеткендер туралы материалдарды объективті түрде тексереміз. Егер ол адам соғыс қимылдарына тікелей қатысқан болса, онда сөз жоқ сотталады. Ол жақтардан өздері қайтып келіп жатқандар да бар. Бізде қазір шетелге террористік ұйымдар қатарына қосылуға кеткен 500 адамның мәліметі бар. Олардың арасында әйелдер мен балалар да бар. Террористік ұйымдар сапында соғысқа қатысу үшін шетелге шықпақ болған 71 адамның жолы кесілді - деді Білісбеков.

Ол "террористік ұйымдардың сапында ұрыс қимылдарына қатыспағандықтан жауапкершіліктен босатылған бірен-саран адамдар да барын" айтты.

Білісбековтің сөзінше, ҰҚК негізінен ТМД мен батыстық алты мемлекеттің арнайы қызметімен ақпарат алмасып, бірлесе жұмыс істейді. ҰҚК шетелдегі соғыс қимылдарына қатысуға кеткен 500 азамат туралы мәліметті осы елдердің, оның АҚШ, Францияның арнайы қызметтеріне берген.

XS
SM
MD
LG