Accessibility links

Шымкенттегі Жанысбаевтар пәтерінен көшті


Қасымхан Жанысбаевтың отбасы. Шымкент, 31 тамыз 2016 жыл.
Қасымхан Жанысбаевтың отбасы. Шымкент, 31 тамыз 2016 жыл.

Шымкентегі "мүгедек қызын емдету үшін банктен несие алып, оны өтей алмағандарын" айтатын Жанысбаевтар отбасы кепілге қойған пәтерінен көшті.

Пәтер иелерінің бірі Қасымхан Жанысбаевтың әйелі Қарлығаш Садырбаеваның айтуынша, олар төрт бөлмелі пәтерін сот орындаушыларына бүгін босатып берген.

«Екі бөлмелі пәтерді айына 50 мың теңге төлейтін болып келісіп жалға алдық. Өз пәтеріміздің кілітін сот орындаушыларына тапсырдық. Олармен ары қарай соттасуға шамамыз жетпеді» дейді ол.

Мүмкіндігі шектеулі баласын емдету үшін пәтерін кепілге қойып банктен несие алып, оны өтей алмағанын айтқан Қасымхан Жанысбаев пен зайыбы Қарлығаш Садырбаева 2016 жылдың тамыз айында сот орындаушылары пәтерлерінен шығаруға барғанда өздеріне қол салуға әрекеттенген.

2016 жылғы 14 қыркүйекте Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық соты Жанысбаевтарды пәтерден шығаруды үш айға шегеру туралы шешім шығарған. 2017 жылы 27 ақпанда бұл сот Жанысбаевтар отбасының банк пен сот орындаушысының үстінен түсірген шағымын қанағаттандырмаған.

XS
SM
MD
LG