Accessibility links

Пентагон: Сириядағы ИМ тіректері қоршалып, жойылады


АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис баспасөз брифингінде. Вашингтон, 19 мамыр 2017 жыл.
АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис баспасөз брифингінде. Вашингтон, 19 мамыр 2017 жыл.

Пентагон басшысы Джеймс Мэттис АҚШ бастаған шетелдік коалиция күштері Сириядағы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының тірек орындарын біртіндеп қоршауға алып жатқаны туралы мәлімдеді. Мұнан соң олардың көзін жою операциясы басталмақ.

Жұма күні баспасөз құралдары өкілдері алдында сөйлеген сөзінде Мэттис Солтүстік Корея мәселесі туралы да айтты. Оның сөзінше, жанжалды әскери жолмен шешудің аяғы «ойға симайтын қайғы-қасіретке» ұласуы ықтимал болғандықтан Вашингтон Корей түбегіндегі шиеленісті халықаралық дипломатиялық жолмен реттеуге атсалысатын болады.

Жұма күнгі баспасөз брифингінде сөйлеген біріккен штаб басшыларының бірлескен комитеті жетекшісі Джозеф Данфорд Сирияда жақында үкімет жағындағы әскерилендірілгін құрылымдарға берілген әуе соққысы мәжбүрлі түрде жасалған «күшпен қорғану шарасы» болғаны және егер аталған құрылымдар америкалық әскери бөлімшелерге қауіп төндірмесе, ондай шабуылдардың қайталанбайтыны туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG